Айтмағамбетов Боран (Буран), 1901 жылы БҚО Тайпақ ауданының Саркөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. 1937 жылы 3 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 13 қарашада Қазақ КСР Жоғары Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1958 жылы 12 сәуірде істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Айтмағамбетов Боран (Буран)
- Аты-жөні: Айтмағамбетов Боран (Буран)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының Саркөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ