Акботин Салават Исламғалиұлы, 1905 жылы Батыс Қазақстан облысы Теңіз ауданының Нұржау ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді. «Алашордашының баласы, алашордашылармен байланыста, ниеттес, антисоветтік, контрреволюциялық топтың мүшесі» деген айыптармен тұтқындалған. 1938 жылы 30 қаңтарда Теңіз аудандық РО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда Гурьев облыстық УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1962 жылы 22 наурызда Гурьев облыстық соты істе қылмыстық құрамының жоғына орай ақтаған (БҚО ПД архиві, №983 іс.).
Акботин Салават Исламғалиұлы
- Аты-жөні: Акботин Салават Исламғалиұлы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Теңіз ауданының Нұржау ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ