Ақбаев Досболат, 1893 жылы қазіргі БҚО Жымпиты ауылында дүниеге келген, қазақ. Алашорда әскерінің құрамында қызмет жасаған. Тұтқындалғанға дейін Жымпиты ауылында тұрған, партияда жоқ, аудандық тұтынушылар Одағының аға ат айдаушысы болып жұмыс жасаған. Бұрынғы Алашорданың мүшесі ретінде 1942 жылы 23 ақпанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1942 жылы 28 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабының ІІ бөлімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының шешімімен КСРО Президентінің 1990 жылғы 13 тамыздағы Қаулысына сәйкес 1993 жылы 5 қаңтарда ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Ақбаев Досболат
- Аты-жөні: Ақбаев Досболат
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ