Қасымов Дәулетқали (дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз). БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, байлар отбасынан шыққан, әкесі де, Д. Қасымовтың өзі де болыс басқарушысы болған. Алашорда мүшесі, Батыс Алашорда жетекшілерімен байланыста болған. 1930-1932 жылдары «Өнерлі» колхозының төрағасы болған кезінде тәркілеу мен тұтқындаудан аман қалған. 1938 жылы қаңтарда Алматы обкомында БК(б)П құрамында қызмет жасаған. 1938 жылы қаңтарда Алашорда мүшесі Х. Нұрпейісов ісіне байланысты тергеуге алынып, тұтқындалған. БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, Х. Нұрпейісовтің қылмыстық ісі бойынша).
Қасымов Дәулетқали
- Аты-жөні: Қасымов Дәулетқали
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ