Ақбаев Жүсіп, 1883 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Батыс Алашорда мүшесі. 1918 жылы қаңтар айында өткен Сырдария қазақтарының Түркістандағы сиезіне қатысқан. 1918 жылы Ырғызға келген Міржақып Дулатұлына серік болған. 1918-1919 жылдары Батыс Алашорданың Ырғыз уездік бөлімінде Алашорда отрядының азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын басқарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін әр түрлі жұмыстар атқарған. «Алаш» партиясының идеяларын насихаттады, байлардың мүдделері үшін күресті» деген айыппен бір топ Алаш қозғалысының қатысушысымен бірге 1927 жылы 9 ақпанда Ақтөбе облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-7, 58-9-баптары бойынша 3 жылға сотталған. Алаш қайраткерлерімен бірге Калугаға жер аударылады. 1930 жылы мерзімі аяқталғаннан кейін Орск қаласында, кейін Ақтөбеде, қуғын-сүргін жылдары Өзбекстанда тұрған. Соңғы жылдары Ақтөбеге қайтып оралған. 1992 жылы 25 қарашада Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1990 жылғы 13 тамыздағы КСРО Президентінің Қаулысына сәйкес ақтаған. (Деректер Ж. Ақбаевтың ұрпағы Нұргүл Жүсіповадан және БҚО ПДА №П-3984 іс, Д. Джармухамедов ісінен алынды.).
Ақбаев Жүсіп
- Аты-жөні: Ақбаев Жүсіп
- Туған жері: Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ырғыз ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ