Аманов Хусаин 1974 жылы Орал губерниясы, Шалқар ауылында дүниеге келген. Қазақ, бай, Алашорданы қолдаушы, белсенді мүшесі, патшалық биліктің белсенді қолдаушысы, Азамат соғысы жылдарында Кеңес үкіметіне қарсы күрескен банды тобын құрған, жергілікті тұрғындар арасында Алашорда отрядына қосылуға үгіт-насихат жүргізген (БҚО ПД архиві, Ю. Чангереев ісінде, 9-п.).Тұтқындалғанға дейін БҚО Шалқар ауылында тұрған. 1928 жылы 28 қыркүйекте Орал ОГПУ окротдел мүшелері тұтқындаған. 1929 жылы 18 қаңтарда ОГПУ Ерекше Кеңесі Коллегиясының Қаулысымен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 3 жылға шартты мерзімге бостандығынан айырылған. 1999 жылы 29 сәуірде ҚР Бас прокуратурасы 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес ақталған (БҚО ПДА №П-4302 іс, Х. Амановтың қылмыстық ісі).
Аманов Хусаин
- Аты-жөні: Аманов Хусаин
- Туған жері: Орал губерниясы, Шалқар ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ