Анайсов Сисенғали (Ананасов С) Меңқұлұлы 1894 жылы БҚО Тайпақ ауданының №12 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа. Алаш әскерінің жүзбасы, Батыс Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі. 1938 жылы 28 қаңтарда БҚО Тайпақ аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. 1958 жылы 25 қарашада БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА 1-қор.).
Анайсов Сисенғали (Ананасов С) Меңқұлұлы
- Аты-жөні: Анайсов Сисенғали (Ананасов С) Меңқұлұлы
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №12 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ