Аңқылдақов Жұмаш (Анкилдаков Джумаш) 1872 жылы Гурьев облысының №18 ауылында дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорданы қолдаушы. Білімі бастауыш. Тұтқындалғанға дейін Атырау облысы Гурьев қаласында тұрып, Гурьевтегі ГосБанк конторасында хатшы қызметін атқарған. 1937 жылы 27 қарашада Гурьев облысының УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 30 қарашада УК РСФСР 58-10-бабы бойынша Гурьев облысының УНКВД шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1937 жылы 5 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің хаттамасымен үкім орындалған. 1959 жылы 26 маусымда Гурьев облысы УКГБ шешімімен ақталған. Қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылған. (БҚО ПД архивінің қорынан, №1 қор, Үштік хаттамалары, 105-бетте).
Аңқылдақов Жұмаш (Анкилдаков Джумаш)
- Аты-жөні: Аңқылдақов Жұмаш (Анкилдаков Джумаш)
- Туған жері: Гурьев облысының №18 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ