Қожахметов Асыл 1904 жылы БҚО Тайпақ ауданының №17 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда милициясына көмектесіп, Алашорданың белсенді мүшелерімен байланыста болған. 1937 жылы 28 қазанда БҚО УНКВД тарапынан «антисоветтік террористік және банды тобының құрамында болғаны үшін» тұтқындалған. 1937 жылы 13 қарашада БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 59-3-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 29 қарашада БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Қожахметов Асыл
- Аты-жөні: Қожахметов Асыл
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №17 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ