Қожахметов Базарғали 1896 жылы Орал губерниясы Байғұтты болыстығының №15 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда милициясының офицері, Алашорданың белсенді мүшесі. Алаш Халық милициясын жасақтау, оған қажетті салықтарды жинау ісімен айналысқан. Алашорданың белсенді мүшесі Ғаббас Жетпісов төрағалық еткен большевизммен күрес жөніндегі комиссия жанындағы айдауыл (конвой) командасында офицер А. Аблаевпен бірге командир болған. 1919 жылы Ойыл түрмесінде Жымпиты Алаш горнизоны көтерілісіне қатысқан топты Орал Войско үкіметімен келісімшартқа сәйкес Калмыковқа апаратын конвой жасағына басшылық жасаған үш офицердің бірі болған (А. Аблаев, К. Есенғалиев, Б. Қожахметов). Б. Қожахметовті 1920 жылы 27 маусымда Қырғыз өлкелік төтенше комиссариаты тұтқындаған. Бірақ кейін 1920 жылы 5 қарашада Орынбор губчектің ақ гвардияшыл офицерлерді іріктеу комиссиясының шешімімен босатылған. Бұдан кейінгі тағдыры белгісіз. (БҚО ПД архиві, №П-1220 - А. Аблаев ісінде).
Қожахметов Базарғали
- Аты-жөні: Қожахметов Базарғали
- Туған жері: Орал губерниясы Байғұтты болыстығының №15 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ