Қосдәулетов Куанай хазірет 1863 жылы Орал губерниясы Жымпиты ауданының Қособа ауылында дүниеге келген. Қазақ, жоғары діни білімді, бай-ауқатты. Алашорданың белсенді мүшесі, Батыс Алашорданың рухани көсемі. Діндар, хазірет, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Күнбатыс Алашордасы басшыларына рухани қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін беріп отырған. 1923, 1926 жылдары Уфада өткен діни сиездер делегаты, Бүкілресейлік діни басқарманың Батыс Қазақстан өңірі бойынша мұстахибі. 1928 жылы ІІ категория – «аса қауіпті элемент» ретінде дүние-мүлкі тәркіленіп, Жетісуға жер аударылған. Ол жерде 1929 жылы тағы сотталып, Ресейдің Курс губернасына үш жылға жер аударылады. 1934 жылы Орал қаласына келіп, НКВД-ның бақылауында болады. Қосдәулетов Қуанай 1937 жылы 29 қазанда тұтқындалған. 1937 жылы 5 желтоқсанда РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-6, 58-7, 58-11-баптарымен айыпталып, БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1965 жылы 27 қазанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА №П-2451 іс, К. Кусдавлетов қылмыстық ісі, «Қуғындалған хазіреттер», Қ.Құттымұратұлы).
Қосдәулетов Куанай хазірет
- Аты-жөні: Қосдәулетов Куанай хазірет
- Туған жері: Орал губерниясы Жымпиты ауданының Қособа ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ