Қосдәулетов Ғабдол-Ғалым Батыс Алашорданың белді мүшесі Қуанай хазіреттің баласы. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі құрамына мүше, Батыс Алашорда үкіметінің имамы болған. Ол әкесі Қуанай хазіретпен бірген Алаш қозғалысына белсене қатысқаны үшін 1938 жылы саяси қуғынға ұшырап, атылған. Оларға тағылған айып – ислам ұйымының мүшесі болғандығы және Алаш ұлтшылдарын қолдағандығы. Қуанай хазіреттің баласы Ғабдол-Ғалым Қуанайұлы туралы әлі толық мәліметтер жоқ (БҚО ПДА №П-2451 іс, К. Кусдавлетов қылмыстық ісі).
Қосдәулетов Ғабдол-Ғалым
- Аты-жөні: Қосдәулетов Ғабдол-Ғалым
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ