Қосдәулетов Мұхамед-Зәкір 1906 жылы Жымпиты ауданының Қособа ауылында дүниеге келген. Мұхтасиб Қуанай хазірет Қосдәулетұлының баласы. 1928 жылы кәмпескеленіп, 3 жыл әкесімен бірге айдауда болған. 1937 жылы 29 қазанда тұтқындалған. 1937 жылы 5 желтоқсанда ату жазасына кесілген. Оған панислам ұйымының мүшесі болғаны және Алаш ұлтшылдарын қолдағандығы үшін айып тағылған. (БҚО ПДА №П-2451 іс, К. Кусдавлетовқылмыстықісі).
Қосдәулетов Мұхамед-Зәкір
- Аты-жөні: Қосдәулетов Мұхамед-Зәкір
- Туған жері: Жымпиты ауданының Қособа ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ