Клышев Қуанышқали 1896 жылы БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ ауыл советінде Ниязбек ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, ауқатты отбасынан шыққан, қызметі – «Үлгілі» колхозының төрағасы. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет еткен. 1937 жылы 9 ақпанда Шыңғырлау РОНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-9, 58-11-баптары бойынша сотталып, ЕТЛ-ға қамалған. 1958 жылы 21 тамызда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыстық құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Клышев Қуанышқали
- Аты-жөні: Клышев Қуанышқали
- Туған жері: БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ ауыл советінде Ниязбек ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ