Қуанаев Закир 1906 жылы Орал губерниясының (БҚО) Жымпиты ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді. Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес, Алашорданың белсенді мүшесі Қосдаулетов Қуанай хазіреттің ұлы. Орал қаласында тұрған. Бай, ишанның ұлы. 1928 жылы кәмпескеленіп, 3 жыл әкесімен бірге айдауда болған. 1937 жылы 29 қазанда РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, тұтқындалған. 1937 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы НКВД Үштігінің шешімі, 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1965 жылы 27 қазанда Батыс Қазақстан облысы облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві №П-2451 іс, К. Кусдавлетов қылмыстық ісі).
Қуанаев Закир
- Аты-жөні: Қуанаев Закир
- Туған жері: Орал губерниясының (БҚО) Жымпиты ауданы Қособа ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ