Қуаншалиев Қабдуғали 1890 жылы Орал губерниясы Орда ауданының Бисен ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – Орал облыстық қазақ театрының әртісі. 1938 жылы 17 қазанда БҚО УНКВД тарапынан бұрынғы алашордашыларды қолдады, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айыппен тұтқындалған. 1939 жылы 25 қаңтарда БҚО сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған. 1939 жылы 15 қазанда Казақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві).
Қуаншалиев Қабдуғали
- Аты-жөні: Қуаншалиев Қабдуғали
- Туған жері: Орал губерниясы Орда ауданының Бисен ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ