Құдайбергенов Нұрым 1893 жылы дүниеге келген. Молданың баласы. Партияда жоқ, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорданың мүшелерімен тығыз байланыста болып, Алашорданың ниеттестерінің бірі ретінде олардың әскери жасағының құрамында болды деген айыппен тұтқындалған. 1937 жылы 6 қазанда УК РСФСР 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, тұтқындалған. 1938 жылы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысы үштігінің шешімі, 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы БҚО прокуратурасы ақтаған. (БҚО ПД архиві Қуанай Қосдәулетов ісінде №П-2451 ісі).
Құдайбергенов Нұрым
- Аты-жөні: Құдайбергенов Нұрым
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ