Құлжұмұров Иманқұл 1868 жылы БҚО Жымпиты ауданының Көздіқара ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі. Қазақ, бай, 1929 жылы кулак ретінде 3 жыл айдауда болған. Тұтқындалған кезде БҚО Қаратөбе ауданының Көздіқара ауылында колхозшы қызметін атқарған. 1937 жылы 22 қазанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылдың 5 қарашасында БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 20 наурызда БҚО прокуратурасының шемімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПДА, №П-3406 іс).
Құлжұмұров Иманқұл
- Аты-жөні: Құлжұмұров Иманқұл
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданының Көздіқара ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ