Ахметов Губаш 1871 жылы БҚО Жаңақала ауданының Көлшоқым (Кульчукум) ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорданың мүшесі, қолдаушыларының бірі. Тұтқындалған кезде Саратов облысы Перелюбинский ауданының Анин-Верх селосында тұрған. 1942 жылы 6 наурызда антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деп айыпталған. 1942 жылдың 14 қазанында Саратов облыстық сотының шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 1994 жылы 29 наурызда Саратов облысының прокуратурасы істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақтаған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Ахметов Губаш
- Аты-жөні: Ахметов Губаш
- Туған жері: жылы БҚО Жаңақала ауданының Көлшоқым (Кульчукум) ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ