Құлыбеков Әбдірахман 1895 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №4 ауылда дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматыдағы ауыл шаруашылығы коммунистік мектебінде ректорлық қызмет атқарған. Алашорда үкіметінің басқарма бөлімінде қызмет еткен. 1937 жылы 11 қазанда НКВД шешімімен РСФСР ҚК 58-7, 58-8, 58-11-тармақтарымен тұтқындалып, 1938 жылы 28 ақпанда КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясының шешімімен РСФСР ҚК 58-7, 58-8, 58-11-тармақтарымен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1938 жылы 29 наурызда КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының шешімімен қылмыстық іс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві).
Құлыбеков Әбдірахман
- Аты-жөні: Құлыбеков Әбдірахман
- Туған жері: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №4 ауыл
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ