Ахметжанов Қайырша, нақты туған жылы белгісіз, БҚО Шалқар көлінің күнбатыс бетіндегі Дуана ауылында дүниеге келген. Қазақ, кердері руынан, діни сауатты. Қ. Ахметжанов Шалқар болысының №3 ауылының молдасы, ишан-хазірет Ахметжан Баймұхаммедұлының баласы. Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Орал облысының қазиы, діншіл және қоғам қайраткері. 1917 жылы 19-22 сәуірде Оралда өткен облыстық қазақ съезінде хатшылық қызмет атқарып, Орал облысы атынан Бүкілресейлік мұсылман съезіне делегат болып сайланған. Орал облысының Далалық бөлігін басқарудың уақытша ережесін жасауға қатысқан. 1917 жылы 9 мамырда Мәскеу қаласында өткен жалпымұсылман съезіне қатысып, жалпықазақ съезін құруды қолдаған. Съезге қатысушы делегаттар Орал облысынан қазылыққа Қ. Ахметжановтың кандидатурасын ұсынған. Орынборда өткен ІІ жалпықазақ съезіне арнайы шақырылып қатысқан 1920 жылдардың ортасында қуғындалғаннан кейінгі өмірінің соңғы кездері белгісіз. Шамамен 1930 жылдардың соңында қайтыс болған. (1. БҚО ПД архиві, Қ. Қосдәулетов ісінде; 2. Қабжан Қ.Қ. «Қуғындалған қазіреттер» атты кітабынан: Қ. Ахметжанұлы. – Орал: «DANA орталығы» баспасы, 2022. 30-48-бб.).
Ахметжанов Қайырша
- Аты-жөні: Ахметжанов Қайырша
- Туған жері: БҚО Шалқар көлінің күнбатыс бетіндегі Дуана ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Иә