Құманғалиев Баймұхан 1885 жылы Гурьев облысының Еспол ауданында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Алашорда мүшесі. Халел Досмұхамедовпен тығыз қатынаста болған. 1920 жылдан кейін БК(б)П құрамына қабылданып, кейін алашордашы болғаны және антисоветтік көзқарасы үшін партиядан шығарылған. 1938 жылы 2 шілдеде БҚО Ілбішін аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. Одан кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Құманғалиев Баймұхан
- Аты-жөні: Құманғалиев Баймұхан
- Туған жері: Гурьев облысының Еспол ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ