Құрманов Есенбай Құлбарақұлы 1907 жылы БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – инструктор-нұсқаушы. Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес. 1938 жылы 10 ақпанда БҚО Шыңғырлау аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 қарашада БҚО облыстық сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған, ал мүлкі тәркіленген. 1971 жылы 4 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Құрманов Есенбай Құлбарақұлы
- Аты-жөні: Құрманов Есенбай Құлбарақұлы
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ