Құрманов Қалиш 1909 жылы БҚО Жымпиты ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, малшы. Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес. 1938 жылы 5 наурызда Жымпиты аудандық НКВД тарапынан бұрынғы алашордашыларды қолдаушы, ұлтшыл, антисоветтік террористік бүлікті ұйымдастырушы топтың мүшесі деген айыппен тұқындалған. 1938 жылы 3 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-10-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім –ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1965 жылы 27 қазанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Құрманов Қалиш
- Аты-жөні: Құрманов Қалиш
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданының Жымпиты ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ