Құрманов Көбен (Кубенғали) 1881 жылы БҚО Жымпиты ауданының №6 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорданың мүшесі ретінде үнемі кеңестер органдарының бақылауында болған. 1929 жылы 1 қазанда Орал ОГПУ тарапынан бұрынғы алашордашыларды қолдаушы, ұлтшыл, антисоветтік террористік бүлікті ұйымдастырушы деген айыппен тұтқындалған. 1930 жылы 25 қаңтарда ОГПУ коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім –ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1998 жылы 20 сәуірде БҚО прокуратурасы 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес ақтаған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары, БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Құрманов Көбен (Кубенғали)
- Аты-жөні: Құрманов Көбен (Кубенғали)
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданының №6 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ