Құрманов Сатқан 1900 жылы БҚО Шыңғырлау ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Қазақ, қызметі– іс басқарушы. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет жасаған. 1938 жылы 1 ақпанда БҚО Шыңғырлау аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 1938 жылдың 16 ақпанында 22 сағат 50 минутта үкім орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Құрманов Сатқан
- Аты-жөні: Құрманов Сатқан
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы Шілік ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ