Ахметжанов Корау 1889 жылы Орал облысы (БҚО) Жымпиты ауданының №15 ауылында дүниеге келген, қазақ. Батыс Алашорда мүшесі болған және Алаш жетекшілерін қолдағаны үшін Орал губерниялық ОГПУ тарапынан 1928 жылы 4 мамырда тұтқындалып, сол күні 1928 жылдың 4 мамырында ОГПУ Ерекше кеңесі соттап, 3 жылға бас бостандығынан айырып, жер аударған. 1956 жылы 12 сәуірде БҚО сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №6 қор, №730 іс, 3-том).
Ахметжанов Корау
- Аты-жөні: Ахметжанов Корау
- Туған жері: Орал облысы (БҚО) Жымпиты ауданының №15 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ