Арғынғазиев (Арынғазиев) Қасым, (туған-өлген жылы белгісіз). Қазақ, Алашорда мүшесі. Ресей патшасы тақтан түскеннен кейін Минскідегі қазақ зиялылары Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі Алаш қозғалысының мүшелеріне жеделхат жолдайды. 1917 жылы 15 наурызда жедел хат жолданған бірнеше қайраткерлер тізімінде Совинкидағы Шәңгерей Бөкеев, Бақтыгерей Құлмановтармен бірге Ақтөбедегі Қасым Арғынғазиевте бар. Қасым Арғынғазиев 1920 жылдардың алғашқы жартысында ерікті түрде құрылған ұйым – Қазақстанды зерттеу қоғамының жергнілікті мүшесі болған. Алаш қозғалысының өкілі ретінде Алаш партиясының бағдарламасын жасауға қатысқан прокуратура қызметкері. (Алашорда: Фотоальбом. Құрастырған Б.Мүрсәлім. –Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚ, 2017. 90 бетте).
Арғынғазиев (Арынғазиев) Қасым
- Аты-жөні: Арғынғазиев (Арынғазиев) Қасым
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ