Арыстанов Өтеғали 1882 жылы БҚО Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорда әскери бөлімдерінің жетекшісі. Ө. Арыстанов соғыстың қара жұмысына қазақ жастарын алу жөніндегі 1916 жылы Ресей патшасының жарлығына наразылық көрсетіп, оған бойұсынбай, қашып жүреді. Ауылдың атқамінерлері оған «қашқын» деген атақ таңады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін өз еркімен әскер қатарына алынып, полк байланысшысы болады. 1921-1929 жылдары милиция, кейін ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды. 1930 жылдан өмірінің соңына дейін Чапаев ауданындағы ұжымшарда еңбек етті. Арыстанов Өтеғалидің «Уа, Жайық», «Өтеғали» деген әндері облыс көлеміне кең тараған және олар Ғ. Құрманғалиев, С. Әшенов т.б. әншілердің репертуарына енген. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Арыстанов Өтеғали
- Аты-жөні: Арыстанов Өтеғали
- Туған жері: БҚО Бөкей ордасы ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ