Арыстанов Яхон 1904 жылы туған. Жер өңдеуші, Алашорданы қолдаушы, Алаш милициясының құрамында болған. БҚО Казталов РОНКВД анықтама бойынша «Арыстанов Яхон Борсы ауыл советінде дүниеге келген, қазақ. Әлеуметтік шығу тегі бойынша революцияға дейінгі уақытта 500 ірі қара малы, 10-11 мың десятина жер учаскесі бар, жалдамалы еңбекті пайдаланған ірі байдың баласы (әкесінің есімі жазылмаған – А. Б.). Оның 2 ұлы: Тай және Яхон әкесінің қожалығында тұрған, бірақ аталған шаруашылық революциядан кейін азайған, жалдамалы адам еңбегін пайдаланып, қанау 1934 жылға дейін сақталған» деген мағлұматтар берілген. 1937 жылы жазда Алашорда белсендісі Бижан Жанқадамовпен бірге антисоветтік ұлтшыл, террористік қозғалыс ұйымдастырушылар деп айыпталып, қылмыстық іс қозғалған. (БҚО ПДА, №П-3984, 138-парақ және №П-983 іс. Б. Джанқадамов қылмыстық ісі.).
Арыстанов Яхон
- Аты-жөні: Арыстанов Яхон
- Туған жері: Борсы ауыл советі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ