Арыстанов Тай БҚО Казталов ауданында дүниеге келген. Алашорданы қолдаушы, Алаш милициясының құрамында болған. БҚО Казталов РОНКВД анықтамасы бойынша інісі Я. Арыстанғалиевпен бірге «Әлеуметтік шығу тегі бойынша революцияға дейінгі уақытта 500 ірі қара малы, 10-11 мың десятина жер учаскесі бар, жалдамалы еңбекті пайдаланған ірі байдың баласы (әкесінің есімі жазылмаған – А. Б.). Оның 2 ұлы: Тай және Яхон әкесінің қожалығында тұрған, бірақ шаруашылықтары революциядан кейін азайған, бірақ жалдамалы адам еңбегін пайдаланып, қанау 1934 жылға дейін сақталған» деген мағлұматтар берілген. Сол үшін Арыстанов Тайдың 1930 жылы бай-кулак ретінде мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен бірге қуғын-сүргінге ұшыраған. (БҚО ПДА, №П-3984, 138-п).
Арыстанов Тай
- Аты-жөні: Арыстанов Тай
- Туған жері: БҚО Казталов ауданы
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ