Аюпов Рақым БҚО Жымпиты ауданы Сарай ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорданың мүшесі. Тұтқындалғанға дейін Жымпиты ауданы Жетікөл ауылында колхозшы қызметін атқарған. 1939 жылдың 8 тамызында бұрынғы алашордашы ретінде тұтқындалып, 1939 жылдың 17 ақпанында БҚО облыстық соты РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырып, ЕТЛ-ға қамаған. 1993 жылы 13 сәуірде ККСР Прокуратурасының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Аюпов Рақым
- Аты-жөні: Аюпов Рақым
- Туған жері: Жымпиты ауданы Сарай ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ