Әбілғазиев Сағынғали 1913 жылы БҚО Жаңақала ауданы №18 ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорданы қолдаушы. Тұтқындалғанға дейін Саратов облысының Александров Гай ауылында тұрған. 1938 жылы 9 ақпанда антисоветтік көзқарасы үшін тұтқындалған. 1938 жылы 16 ақпанда Саратов облыстық УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1959 жылы 7 тамызда Саратов облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай тоқтатылып, ақталған (РФ Саратов облыстық мемлекеттік архиві, Архив ісі №ОФ-17100).
Әбілғазиев Сағынғали
- Аты-жөні: Әбілғазиев Сағынғали
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданы №18 ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ