Әбілқасов Бижан (Абилькасов Бижан) шамамен 1870 жылдары дүниеге келген. Қазан революциясына дейін Ресей жоғары оқу орындарында білім алған, қазақтарды мобилизациялау кезінде патша армиясының қатарында қызмет жасаған. Батыс Алашорда мүшесі. Патша армиясының қатарында армия қорғанысын күшейтуді басқарып, қазақ мыңдығын басқарған. Бірнеше уақыттан кейін ол еліне қайта оралып, Жымпитыда уездік басқарушы болып қызмет атқарған. Ал 1917 жылдан бастап Алашорда партиясының құрамына кіріп, Батыс Алашорда үкіметінде белсенді жұмыс жасаған. Кейін Кеңес өкіметінің билігі орнаған кезде ол қудалауға ұшырап, тұрғылықты жерінен қоныс аударған. Бірақ 1937 жылы оны Казталов ауданынан НКВД жендеттері тұтқындап әкетеді, одан кейінгі тағдыры белгісіз. Джумагалиев Утеп – өзінің әкесі жағынан туысы. Ал оның отбасы БҚО Қаратөбе ауданына қайта көшіп келіп, Каганович ауыл советінде тұрғаны айтылады (БҚО ПДА 1-қор, №П-193 іс, 28-29-пп). Ақталмаған.
Әбілқасов Бижан (Абилькасов Бижан)
- Аты-жөні: Әбілқасов Бижан (Абилькасов Бижан)
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ