Әбубәкіров Тілеген (Абубакиров Тлеген) 1909 жылы дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорда әскери бөлімінің жетекшісі, ВЛКСМ бұрынғы мүшесі, «ұлтшылдық» әрекеттері үшін мүшеліктен шығарылған, алашордашылар Д. Жәнібеков және Меңдіқұловпен бірге Гурьев округі Жылықос ауданында контрреволюциялық ұлтшыл ұйым құрғаны, оған жастарды үгіттегені және контрреволюциялық троцкийшіл көзқарастары үшін, сол сияқты білім алушылар арасында контрреволюциялық ұлтшыл әдебиеттер мен өлеңдер таратқаны үшін РКФСР ҚК 58-10-11-бабымен 1937 жылы 19 тамызда ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, үкім орындалған (БҚО УНКВД, Хаттама №2, №9526 іс, Арх-1, Ф-1.).
Әбубәкіров Тілеген
- Аты-жөні: Әбубәкіров Тілеген
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ