Әлиев Әбжан Арыстанбекұлы 1899 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының №14 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, «алашордашылармен біріккен, олармен ниеттес, антисоветтік, контрреволюциялық топты қолдаушы» деген айыппен тұтқындалған. Алашорда әскерінің құрамында қызмет еткен болуы мүмкін деген куәгердің жауабы сақталған. Бірақ тергеушілер бұған нақты дәлел келтірмеген. Тұтқындалған кезде Гурьев қалалық кеңесінде инструктор қызметін атқарған. 1938 жылы 29 наурызда Гурьев облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалып, 1938 жылы 19 қарашада Гурьев облыстық сотының сот коллегиясы шешімімен РКФСР ҚК 58-7, 58-11-баптары бойынша 15 жылға қамауға алынған. 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес 1999 жылы 22 қарашада ҚР Бас Прокуратурасының шешімімен ақталған (БҚО ПД архиві, №983 іс).
Әлиев Әбжан Арыстанбекұлы
- Аты-жөні: Әлиев Әбжан Арыстанбекұлы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының №14 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ