Әлиев Аман 1903 жылы БҚО Жаңақала ауданының №28 ауылында дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес, білімі бастауыш, егін шаруашылығымен айналысқан. Бұрынғы Жаңақала аудандық НКВД Үштігінің шешімімен сотталған. 1930 жылы Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске қатысқан, бұрын сотталмаған, ауыл старшинасының ұлы. Антисоветтік үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпталып, 1937 жылы 3 тамызда тұтқындалған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабының 2-тармағы бойынша сотталып, 10 жылға еңбекпен түзету лагеріне қамалған. 1989 жылы 31 наурызда БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес ақтаған (БҚО ПДА №9179 іс).
Әлиев Аман
- Аты-жөні: Әлиев Аман
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №28 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ