Байниязов Төренияз 1900 жылы БҚО Гурьев округі Жылықос ауданының Жаршық ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, Алашорда әскери жасағымен және Алашорда белсенді мүшелерімен тығыз байланыста болған. Тұтқындалған кезде Атырау облысының Қызылту ауылында қызмет жасаған. 1938 жылы 29 наурызда Атырау облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 27 ақпанда Гурьев облыстық сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-7, 58-11-баптары бойынша сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Мүлкі тәркіленіп, өзі ЕТЛ-ға қамалған. 1939 жылы 4 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (БҚО ПД архиві №П-3406 іс, Д. Байтұрсынов ісінде аталады).
Байниязов Төренияз
- Аты-жөні: Байниязов Төренияз
- Туған жері: БҚО Гурьев округі Жылықос ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ