Байбараков Әбіл (Абил) Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында қызмет жасаған. 1922 жылдары Орал губерниясының Елек уезі Кіндікті болысының №4 ауылында тұрған. Ауыл 1927 жылы Ақтөбе губерниясына беріліп (бөлініп), Елек уезі таратылып, Шілікті, Лубенский ауылдары құрамына қосылады. 1930 жылдары бай-кулак ретінде НКВД тарапынан тұтқындалып, белгісіз жаққа алып кеткен. Содан кейін ешкім көрмеген. (Мағлұматтар АқО МА және қайраткердің ұрпағы Кенжекей Габдоллақызы Байбараковадан алынды.).
Байбараков Әбіл (Абил)
- Аты-жөні: Байбараков Әбіл (Абил)
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ