Байгулов Гатаулла 1867 жылы БҚО Жаңақала ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, молда. Батыс Алашорданың мүшесі. Тұрғылықты жері – Атырау облысы Гурьев қаласы. 1931 жылдан белгісіз бір себептермен жасырынып жүрген. 1937 жылы 22 маусымда Жаңақала аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. Ғ. Байгуловқа Батыс Қазақстанда панисламдық контрореволюциялық тыңшылық қызметпен қатыстылығына байланысты молда Ибрагимовпен бірге Жаңақала ауданында осы ұйымның мүшесі болды деген айып тағылған. Гурьев аудандық УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, бүкіл мал-мүлкі тәркіленген. 1989 жылы 31 қаңтарда Гурьев облыстық прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА, 1-қор).
Байгулов Гатаулла
- Аты-жөні: Байгулов Гатаулла
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №8 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ