Байғабылов Өтеш 1895 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Алашорда милициясының құрамында қызмет жасаған. Тұтқындалған кезде Қособа бастауыш мектебінің меңгерушісі болған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Байғабылов Өтеш
- Аты-жөні: Байғабылов Өтеш
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ