Баймухамбетов Өмірзақ (Өмірбек) 1860 жылы БҚО Жымпиты ауданы Көздіғара ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорда әскерінің құрамында қызмет жасаған. 1938 жылы 11 маусымда Жымпиты аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 30 қыркүйекте УНКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1971 жылы 24 қарашада БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА, 1-қор.).
Баймухамбетов Өмірзақ (Өмірбек)
- Аты-жөні: Баймухамбетов Өмірзақ (Өмірбек)
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданы Көздіғара ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ