Баймұханов Омар (Умар) 1894 жылы БҚО Тайпақ ауданы №6 ауылда дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді. Батыс Алашорданы қолдаушы, ниеттес. Тұтқындалғанға дейін Атырау облысында консервстройда қызмет жасаған. 1933 жылы 10 мамырда Гурьев облыстық ОГПУ тарапынан тұтқындалып, РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталған. 1997 жылы 21 тамызда Атырау облыстық прокуратурасының шешімімен 1993 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына сәйкес ақталған. (БҚО ПД архиві Үштіктің хаттамалары, қылмыстық іс Атырау облыстық ПД архивінде сақталған).
Баймұханов Омар (Умар)
- Аты-жөні: Баймұханов Омар (Умар)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы №6 ауыл
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ