Байсұлтанов Мәмбет 1872 жылы БҚО Жымпиты ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, колхозшы. Батыс Алашорданы қолдаушы. 1937 жылы 10 желтоқсанда БҚО Жымпиты аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 30 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған. 1963 жылы 23 қазанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА, 1-қор.).
Байсұлтанов Мәмбет
- Аты-жөні: Байсұлтанов Мәмбет
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданы Қособа ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ