Байтақов Бақытжан 1898 жылы Орал облысы Темір уезінің Ойыл қаласында дүниеге келген. Батыс Алашорда қайраткері. Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін «Халық мұғалімі» атағымен бітірген. Ойыл өңірінде болыстық және қалалық орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарды. 1917 жылы қарашада Ойылда өткен Жайық сырты қазақтары өкілдері кеңесіне қатысушы. 1918 жылы мамырдағы ІV Қазақ Орал сьезінде Ойыл уәлаяты үкіметін сайлауға қатысты. 1919 жылы Кеңес жағына шығу әрекеттерін жасады. 1920 жылы ақпанда Мәскеуден Ойылға келген Берковскийдің Жем кәсіпшіліктерінен орталыққа мұнай тасу жөніндегі арнаулы экспедициясына қолғабыс беру, аудандық мұнай тасымалдау басқармаларын құру, мұнай таситын керуендер жасақтау ісіне қатысқан. 1920-1921 жылы Ойыл уездік атқару комитетінің еңбек бөлімінде қызмет істеді. 1925-1935 жылы өлкелік деңгейдегі әртүрлі қызметтерде болды. 1937 жылы партия қатарынан, сол жылы ҚК(б)П ОК ІІІ пленумының қаулысымен «Халық жауы» деген айыппен ОК мүшелігінен шығарылып, 1938 жылы Әскери коллегияның қаулысымен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған (БҚО ПДА, 1-қор, №П-2514 іс.).
Байтақов Бақытжан
- Аты-жөні: Байтақов Бақытжан
- Туған жері: жылы Орал облысы Темір уезінің Ойыл қаласы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ