Байтақов Бисенғали 1911 жылы 5 қаңтарда БҚО Қаратөбе ауданы Соналы ауылында дүниеге келген. Тұтқындалған кезде Қаратөбе ауданы О. Исаев атындағы колхозда қызмет жасаған. Қазақ, бай, байдың баласы, сауатты, бұрын сотталмаған. Тұтқын анкетасында отбасы мүшелері туралы: үйленген, отбасында Байтакова Мүгілсін, анасы Байтакова Дина, қарындасы Байтакова Бибеш, ағасы Байтаков Темірғали, әйелі Злиха және қызы Тергалиева Мазхура есімдері жазылған. 1938 жылы 2 маусымда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1969 жылы 28 қазанда Орал облыстық соты Президиумының қаулысымен істің қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПДА, 1-қор, №П-2514 іс.).
Байтақов Бисенғали
- Аты-жөні: Байтақов Бисенғали
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Соналы ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ