Балғаниязов Алпысбай 1904 жылы БҚО Жымпиты ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – облпромсоюз басшысы. Батыс Алашорда мүшесі. Батыс Алашорданың белсенді мүшелері, әскери офицерлер Жақанов Мизамғали, Жәнібеков Дәулетқалилармен бірге айыптау ісінде тіркелген (БҚО ПДА, 6-қор, №П-563 іс.). «Алашордашылармен сыбайлас» болғаны үшін 1937 жылы 17 қыркүйекте БҚ облыстық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. Үкім орындалған. 1957 жылы 26 қыркүйекте КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (осы істе онымен бірге Жазықбаев (Джазыкбаев) Муслим, Бармакбаев Мухамбетқали, Баканов Сәндібек, Тулегенов Шамгон). (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс.).
Балғаниязов Алпысбай
- Аты-жөні: Балғаниязов Алпысбай
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданы Жымпиты ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ