Бармақбаев Мұхаметқали (Мұхамбетқали) Айтқожаұлы 1893 жылы БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді. Бұрынғы Алашорда мүшесі, бұрын сотталмаған. 1922-1937 жылдар аралығында БК(б)П құрамында мүше болып, кейін одан «Алашордашылармен сыбайлас» болғаны үшін шығарылған. 1937 жылы 4 қыркүйекте облыстық НКВД тұтқындаған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, М. Бармақбаевқа Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізген деген айып тағылып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (Осы қылмыстық істе Жазықбаев (Джазыкбаев) Муслим, Бармакбаев Мухамбетқали, Баканов Сәндібек, Тулегенов Шамгон атты бірнеше адамға айып тағылған). 1957 жылы 14 ақпанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған. (БҚО ПДА, 6-қор, №П-563 іс, бұрынғы Алашорда интенданты Асанов Қалдыбаймен бір қылмыстық істе). (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек1937 ж. №2463 іс).
Бармақбаев Мұхаметқали (Мұхамбетқали) Айтқожаұлы
- Аты-жөні: Бармақбаев Мұхаметқали (Мұхамбетқали) Айтқожаұлы
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ