Баканов Сәндібек Дауылұлы 1891 жылы БҚО Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорданың мүшесі, Алашордамен ниеттес. Тұтқындалғанға дейін БҚО Қаратөбе ауданында мұғалім қызметін атқарған. 1937 жылы 17 қыркүйекте БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған, С. Бакановқа Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін деген айып тағылып, БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен 1937 жылы 30 қыркүйекте РКФСР ҚК 58-2-11-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 1957 жылы 14 ақпанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған. (БҚО НКВД басқармасы Үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс).
Баканов Сәндібек Дауылұлы
- Аты-жөні: Баканов Сәндібек Дауылұлы
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ