Башпаков Әбдіразақ 1880 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №1 ауылда дүниеге келген. Орта білімді, тұтқынға дейін ауылда мұғалімдік қызмет атқарған. Алашорда әскери отрядында вахмистр қызметінде болған. 1937 жылы 8 тамызда Ақтөбе облыстық НКВД шешімімен РСФСР ҚК 58-бабының 10-тармағымен тұтқындалып, 8 жылға еңбекпен түзету лагеріне жіберілген. 1962 жылы 22 наурызда Ақтөбе облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған). (БҚО НКВД басқармасы Үштігінің хаттамалары 1937 ж., БҚО ПД архиві).
Башпаков Әбдіразақ
- Аты-жөні: Башпаков Әбдіразақ
- Туған жері: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №1 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ